Қостанай облысында құрылыс саласында заңды бұзған компанияларға айыппұл салынды

Тексеру кезінде меншік немесе жалдау құқығындағы өндірістік базалары жоқ бола құрылыс саласында қызметті жүзеге асыратын 200-ден астам лицензиат анықталған
Sputnik
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Қостанай облысының прокуратурасы біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін құрылыс компанияларын анықтады, деп хабарлады бас прокуратура.
Тексеру кезінде меншік немесе жалдау құқығындағы өндірістік базалары жоқ бола құрылыс саласында қызметті жүзеге асыратын 200-ден астам лицензиат анықталған.
Сонымен қатар олардың кейбірінде бірыңғай біліктілік талаптарында көзделген аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлердің де жоқ екені белгілі болды.

"Қабылданған шаралармен 64 лицензиатқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 464-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Істерді қарау нәтижелері бойынша 17 компания жауапкершілікке тартылып, оларға 3,4 млн теңге сомасына айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек 16 лицензияның қолданылуы уақыта тоқтатылды және 2 лицензияның күші жойылды
Медицина қызметкерін балағаттаған Ақтөбе тұрғыны айыппұл арқалады