Тоқаев Исламабадтағы терактіге байланысты Пәкістан басшылығына көңіл айтты

Мешіттегі жарылыс салдарынан кемінде 31 адам қаза тапты
Sputnik
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Пәкістанның президенті мен премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
"Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады. Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, мешіттегі жарылыс салдарынан кемінде 31 адам қаза тапты. Сондай-ақ 100-ден астам адам жарақат алды.
Айта кетері, Тоқаев 3-4 ақпан күндері Исламабадта сапармен болды.
Өзбекстанда мешітте жарылыс болды