"Ресейлік газдың Қазақстан арқылы Өзбекстанға транзит көлемі үнемі артып келеді. Бұл жоба Орталық Азиядағы аймақтық тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікті нығайтады, елдеріміздің өнеркәсіптік дамуына қуатты серпін береді, бизнес ахуалын жақсартады және азаматтардың өмір сүру деңгейін көтереді. Сондай-ақ, бұл Қазақстанның газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге және жаңғыртуға ықпал етеді", - деді елші.
"Ең жоғары деңгейдегі сапарлар күтіліп отыр. Дәстүрлі түрде Қазақстан Ресейде өтетін барлық ірі форум мен конференцияға қатысуды жоспарлап отыр. Мәскеудегі Қазақ ақпараттық-мәдени орталығын ашу жұмыстары жалғасады. Қазақстандағы Ресей мәдениетінің өзара күндеріне дайындық жүргізіліп жатыр. Қазақстан жұртшылығы алдағы мәдени іс-шараларды асыға күтіп отыр", - деді елші.