Қазақстан мен Ресейді аптасына 126 әуе рейсі байланыстырады - Абаев

Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2026
Жазылу
Рейстердің жиілігі мен географиясы саяхат бағыттарында көш бастап тұр
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Қазақстан мен Ресейді 26 бағыт бойынша аптасына 126 әуе рейсі байланыстырады, деп мәлімдеді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев The Eurasian журналына берген сұхбатында.
"Қазақстан мен Ресей арасындағы сапарлар өзара жеңілдетілген рәсіммен жүзеге асады. Ішкі жалпы азаматтық құжаттар бойынша және 30 күнге дейіін міндетті тіркеу талап етілмейді. Бұл өзара сенімнің көрсеткіші", - деді Абаев.
Рейстердің жиілігі мен географиясы елдердің бір-біріне танымал саяхат бағыттары бойынша көшбасшы болуына ықпал етеді, деді ол.
Сондай-ақ елші былтыр қазан айында Алматы мен Мәскеу арасындағы теміржол байланысы жаңартылғанын еске салды.
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ханты-Манси автономиялық округінің губернаторы Югра Руслан Кухарукпен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2025
Қазақстан Ханты-Манси автономиялық округімен тәжірибе алмасуға мүдделі – Абаев
Жаңалықтар
0