Астанада оқушылар ертең онлайн оқиды

Астанада ертең қалың қар жауып, көктайғақ болады
Sputnik
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Астанада ертең ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы білім басқармасы хабарлады.
"2026 жылғы 6 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - деп жазылған хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше Астанада ертең қалың қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Таңертең және күндіз жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
"Астана – Павлодар" тас жолында жылдамдық режимі төмендетіледі