https://sputnik.kz/20260205/astana--pavlodar-tas-zholynda-zhyldamdyq-rezhimi-tomendetiledi-60941611.html
"Астана – Павлодар" тас жолында жылдамдық режимі төмендетіледі
"Астана – Павлодар" тас жолында жылдамдық режимі төмендетіледі
Sputnik Қазақстан
Бұл шектеу қысқы кезеңде қолданылады және уақытша сипатқа ие 05.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-05T10:30+0500
2026-02-05T10:30+0500
2026-02-05T10:30+0500
астана
павлодар
жол
https://sputnik.kz/img/116/17/1161774_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_f7a70e9e32a7c86e7d0db7b675a2a8f9.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. 9 ақпаннан бастап "Астана – Павлодар" автомобиль жолында жылдамдық режимі уақытша төмендетіледі, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".Бұған қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол апатының көбеюі себеп болып отыр. Сондықтан ішкі істер министрлігі халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылдамдық режимін уақытша төмендету туралы шешім қабылдады.Қабылданған шара жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, апаттылық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ көктайғақ, қар басу және көріну деңгейінің төмендеуі сияқты қолайсыз метеорологиялық факторлардан туындайтын тәуекелдерді азайтуға бағытталған.Көктемгі-жазғы кезең басталғаннан кейін жолдың техникалық және климаттық жағдайына қарай бұрын белгіленген жылдамдық режимін қалпына келтіру жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20260120/astana--schuchinsk-tas-zholynda-zhuk-koliginin-zhurgizushisi-beton-qorshauga-sogyldy--60534142.html
астана
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/116/17/1161774_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_5fc50d279d15b7b9eadc7301066aa0b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, павлодар, жол
"Астана – Павлодар" тас жолында жылдамдық режимі төмендетіледі
Бұл шектеу қысқы кезеңде қолданылады және уақытша сипатқа ие
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. 9 ақпаннан бастап "Астана – Павлодар" автомобиль жолында жылдамдық режимі уақытша төмендетіледі, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Бұған қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол апатының көбеюі себеп болып отыр. Сондықтан ішкі істер министрлігі халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылдамдық режимін уақытша төмендету туралы шешім қабылдады.
"Аталған шешімге сәйкес, 2026 жылғы 9 ақпан күні сағат 00:00-ден бастап "Астана – Павлодар" автомобиль жолында көлік құралдары үшін белгіленген ең жоғары жылдамдық 140 км/сағаттан 110 км/сағатқа дейін төмендетіледі. Бұл шектеу қысқы кезеңде қолданылады және уақытша сипатқа ие", - деп жазылған хабарламада.
Қабылданған шара жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, апаттылық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ көктайғақ, қар басу және көріну деңгейінің төмендеуі сияқты қолайсыз метеорологиялық факторлардан туындайтын тәуекелдерді азайтуға бағытталған.
Көктемгі-жазғы кезең басталғаннан кейін жолдың техникалық және климаттық жағдайына қарай бұрын белгіленген жылдамдық режимін қалпына келтіру жоспарланып отыр.