"Астана – Павлодар" тас жолында жылдамдық режимі төмендетіледі

Бұл шектеу қысқы кезеңде қолданылады және уақытша сипатқа ие
Sputnik
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. 9 ақпаннан бастап "Астана – Павлодар" автомобиль жолында жылдамдық режимі уақытша төмендетіледі, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Бұған қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол апатының көбеюі себеп болып отыр. Сондықтан ішкі істер министрлігі халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылдамдық режимін уақытша төмендету туралы шешім қабылдады.
"Аталған шешімге сәйкес, 2026 жылғы 9 ақпан күні сағат 00:00-ден бастап "Астана – Павлодар" автомобиль жолында көлік құралдары үшін белгіленген ең жоғары жылдамдық 140 км/сағаттан 110 км/сағатқа дейін төмендетіледі. Бұл шектеу қысқы кезеңде қолданылады және уақытша сипатқа ие", - деп жазылған хабарламада.
Қабылданған шара жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, апаттылық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ көктайғақ, қар басу және көріну деңгейінің төмендеуі сияқты қолайсыз метеорологиялық факторлардан туындайтын тәуекелдерді азайтуға бағытталған.
Көктемгі-жазғы кезең басталғаннан кейін жолдың техникалық және климаттық жағдайына қарай бұрын белгіленген жылдамдық режимін қалпына келтіру жоспарланып отыр.
"Астана – Щучинск" тас жолында жүк көлігінің жүргізушісі бетон қоршауға соғылды