АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен шешу жөніндегі күш-жігерді талқылады, деді Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
"Біздің президент Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге қатысты соңғы ақпараттарды Си Цзиньпинмен бөлісті", – деді Ушаков журналистерге.
Еске сала кетейік, бүгін Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров Абу-Дабиде Украинадағы жағдайды реттеуге арналған үшжақты келіссөздің жаңа кезеңі басталғанын хабарлады. Келіссөз процесі үшжақты форматта – Украина, АҚШ және Ресейдің қатысуымен ұйымдастырылған.