Пойызбен соқтығысуға кінәлі болған ер адам жүргізуші құқығынан айырылды

Sputnik
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында адам пойызбен соқтығысуға себеп болғаны үшін жүргізуші құқығынан айырылды, деп хабарлады облыстық сот.
Сотта анықталғандай, оқиға 2025 жылдың қарашасында түнгі уақытта Меркі ауданының "Қарасу-Тәтті" теміржол станциясында болған.
"Ер адам "ВАЗ 21213" маркалы автокөлікті басқара отырып, "Алматы-Шымкент" бағыты бойынша жүретін "Тальго" жолаушылар пойызына жол бермей, салдарынан онымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан пойызға және көлікке материалдық шығын келтірілді", - деп жазылған хабарламада.
Ер адам өзінің кінәсін толық мойындаған. Оның кінәсі хаттамамен және тараптардың айғақтарымен толық расталды.
Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, оған 9 ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Қостанайда жасөспірімнің әрекетінен жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды