https://sputnik.kz/20260126/qostanayda-zhasospirimnin-areketinen-zholaushylar-poyyzy-shugyl-toqtauga-mazhbur-boldy-60694205.html
Қостанайда жасөспірімнің әрекетінен жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Қостанайда жасөспірімнің әрекетінен жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Sputnik Қазақстан
Жасөспірім басқа қатарластарымен бірге жаяу жүргіншіге арналмаған жерде темір жолға шыққан 26.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-26T16:17+0500
2026-01-26T16:17+0500
2026-01-26T16:18+0500
қостанай
пойыз
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/09/59455192_0:52:1000:615_1920x0_80_0_0_e020211e77432022410ef05cae80f08a.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Жасөспірімнің әрекеті салдарынан "Қостанай - Алматы" жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Қостанай облыстық соты.9 қаңтарда жасөспірім басқа қатарластарымен бірге жаяу жүргіншіге арналмаған жерде темір жолға шыққан. Салдарынан "Қостанай – Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Бұл қозғалыс қауіпсіздігіне нақты қатер төндіріп, пойыздың апатқа ұшырауын қоса алғанда, ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін еді.Кәмелетке толмағанның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-ананың мәселесі сотта қаралды. Әкімшілік істі Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.Жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 43 250 теңге айыппұл салынды.
https://sputnik.kz/20260103/almaty-oblysynda-4-zhasospirim-muz-astyna-tusip-ketti-bireui-koz-zhumdy-60115839.html
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/09/59455192_56:0:945:667_1920x0_80_0_0_28e1fa9f4c2aeecbaa14203881a87eeb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай, пойыз, жасөспірім
қостанай, пойыз, жасөспірім
Қостанайда жасөспірімнің әрекетінен жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
16:17 26.01.2026 (жаңартылды: 16:18 26.01.2026) Жасөспірім басқа қатарластарымен бірге жаяу жүргіншіге арналмаған жерде темір жолға шыққан
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Жасөспірімнің әрекеті салдарынан "Қостанай - Алматы" жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Қостанай облыстық соты.
9 қаңтарда жасөспірім басқа қатарластарымен бірге жаяу жүргіншіге арналмаған жерде темір жолға шыққан. Салдарынан "Қостанай – Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Бұл қозғалыс қауіпсіздігіне нақты қатер төндіріп, пойыздың апатқа ұшырауын қоса алғанда, ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін еді.
Кәмелетке толмағанның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-ананың мәселесі сотта қаралды. Әкімшілік істі Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
"2010 жылғы жасөспірімнің ата-анасы өз міндеттерін тиісінше орындамаған. Атап айтқанда, ол ұлын тәрбиелеуден жалтарған, тұрмыста және қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық қағидаларына үйретпеген, сондай-ақ оның бойында моральдық және адамгершілік құндылықтарды қалыптастырмаған", - дейді сотта.
Жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 43 250 теңге айыппұл салынды.