АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қарасты Ойыл ауылында оқушы бала босанды. Жасөспірімге азғындық жасаған зейнеткерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ойыл ауылында оқушы дәл сабақ үстінде босанды. Оқиға былтыр 13 қазанда болған. Нәрестенің әкесі - 64 жастағы зейнеткер.
Қылмыстық іс Қылмыстық Кодекстің 120-бабы 4-бөлігі, 124-бабының 3-бөлігі бойынша "зорлау, яғни жас баланың дәрменсіздігін пайдаланып, оған күш қолданып, бірнеше рет жыныстық қатынас жасау және көрінеу он алты жасқа толмағанға күш қолданбай бірнеше рет азғындық әрекеттерді жасау" бойынша қозғалды.
"Сотталушы 2024-2025 жылдар аралығында жас балаға күш қолданып, дәрменсіз күйін пайдаланып, бірнеше рет жыныстық қатыныс жасап, оны зорлаған. Сонымен қатар жәбірленушіге күш қолданбай бірнеше рет азғындық әрекеттерін жасаған", - дейді сотта.
Қылмыскердің кінәсі толық дәлелденді, алайда ол кінәсін ішінара ғана мойындаған.
Сот үкімімен сотталушы 21 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды енген жоқ.
Еске сала кетейік, Ойыл ауылында 9 сынып оқушысы дәл сабақ үстінде босанды. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер, тіпті жақын туыстары да осы уақытқа дейін қыздың жүкті екенін білмеген. 13 қазан күні жасөспірім қыз ұл баланы дүниеге әкелді. Сәбиді туыстары өз қамқорлығына алған. Ал дәрігерлердің айтуынша қыздың сол кездегі жағдайы қанағаттанарлық болған.