Жаңа Конституцияда қарулы қақтығыстарды насихаттауға тыйым салу ұсынылды

Жаңа Конституция туралы түпкілікті шешім бүкілхалықтық референдумда қабылданады
Sputnik
АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Қазақстанның жаңа Конституциясында қарулы қақтығыстарды насихаттауға тыйым салуды бекіту ұсынылды.
"Соғысты насихаттауға тыйым салумен қатар "қарулы қақтығыс" сөзіне де тыйым салынбақ. Өйткені қазіргі әлемде "қарулы қақтығыс" термині іс жүзінде классикалық соғыс деген түсінік қалыптастыруда", — деп түсіндірді Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында.
Қазақстанның жаңа конституциясының жобасы 31 қаңтарда жарияланды. Қазақстандықтар жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді бүкілхалықтық референдумда қабылдайды.
Жаңа Конституция жобасы: Бектенов жалған мәлімет таратқандарды жауапқа тартуды тапсырды