Атыраудағы жұмбақ өлім: күдіктінің бес баласы мемлекет қорғауына тапсырылды

Sputnik
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Атырау облысы Махамбет ауданы Жангелдин ауылында бір отбасының адамдарын өлтірді деп күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласы балалар үйіне орналасатырылды, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.
2 ақпаны күні Махамбет ауданы әкімдігіне Атырау облысы Полиция департаментінен шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі ұсыныс хат келіп түскен.

"Хатта күдіктінің кәмелеттік жасқа толмаған 5 баласын қауіпсіз жерге, яғни мемлекет қорғауына алу жөнінде көрсетілген. Кәмелетке толмаған балалардың 3-і Атырау облысы білім беру басқармасының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына және 3 және 1 жастағы екі сәби денсаулық сақтау басқармасына қарасты мамандандырылған балалар үйіне уақытша орналастырылды", - дейді білім басқармасында.

Қазіргі уақытта балалардың жағдайы бақылауда. Олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органдар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде, дейді білім басқармасы.
Еске сала кетейік, Жангелді ауылының тұрғындары – ерлі-зайыпты, олардың қызы мен ұлы белгісіз бағытқа шығып сол күйі із-түссіз кеткен. желтоқсанның соңында отағасының апасы полицияға арыз түсірген.
Жоғалған ерлі-зайыптының денесі табылды. Күдікті ретінде осы отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жарияланды.
Атыраудағы трагедия: тағы бір адамға іздеу жарияланды