Атыраудағы трагедия: тағы бір адамға іздеу жарияланды

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2026
Жазылу
Жәбірленушілер отбасының 30 жастағы қызына халықаралық іздеу жарияланды
АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Атырауда жоғалған отбасының тағы бір мүшесіне халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"Атырау облысындағы Жангелді ауылының тұрғындарын өлтіру фактісі бойынша күдіктіге, сондай-ақ жәбірленушілер отбасының 30 жастағы қызына халықаралық іздеу жарияланды", - дейді полиция.
Қылмыс жасады деген күдікті Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Басқа адамдардың да қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсаннан бері бұл отбасыға іздеу жарияланған.
Полицияға бұл отбасының жоғалғаны туралы олардың туыстары хабарлады.
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
Атырау облысында із-түзсіз жоғалған 4 адамның екеуі өлі табылды
Жаңалықтар
0