Астанада алаяқтар сауда үйіне 500 млн теңгеге жуық шығын келтірген

Сауда үйінің қызметкері 10 танысымен қылмыстық келісімге келіп, тұрмыстық техниканы төмен бағамен сатып алу үшін жалған промокодтар рәсімдеген
Sputnik
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық қудалау органы алдын ала сөз байласу арқылы бір жыл бойы әрекет еткен алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлады бас прокуратура.
Анықталғандай, сауда үйінің қызметкері 10 танысымен қылмыстық келісімге келіп, тұрмыстық техниканы төмен бағамен сатып алу үшін жалған промокодтар рәсімдеген.
Қылмысқа қатысушылар iPhone ұялы телефондарын, ноутбуктерді, теледидарларды, тоңазытқыштарды және басқа да электроника тауарларын сатып алып, оларды үшінші тұлғаларға сатқан.
"Сауда үйіне келтірілген залал 473,6 млн теңгені құрады. Қылмыстың барлық 10 қатысушысы 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талаптар толық көлемде қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шығын 2 млрд теңгеден асады: Қарағандыда кәсіпорын темір рудасын заңсыз өндірген