АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша кейбір мәселелерде келісім жасау жеңілірек екенін, ал кей бағыттарда ортақ ұстаным бар деп айту әзірге мүмкін еместігін мәлімдеді.
"Кейбір мәселелер бойынша шешім табу оңайырақ. Ал кейбір мәселелерде ортақ келісімге келу қиын, өкінішке қарай, ол бағыттарда әзірге жақындасу бар деп айтуға болмайды", — деді ол журналистерге.
Песковтың айтуынша, бірқатар мәселе бойынша тараптар ортақ түсінікке жақындаған, себебі аталған бағыттарда келіссөздер жүргізілген.