АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан "Қорғас" халықаралық шекара маңындағы ынтымақтастық орталығы екі аптаға жабылады.
Орталық 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жабық болады. Себеп – ҚХР-да Қытай Жаңа жылы мерекеленеді. Осыған байланысты "Қорғастың" қытай тарапындағы қызметі уақытша тоқтатылады.
"Аталған кезеңде Қазақстан тарапында туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - деп жазылған хабарламада.
2026 жылдың 2 наурызынан бастап орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.