Бір айда шекарадан қару-жарақты заңсыз алып өтудің 25 фактісі тіркелді

Оның ішінде оқ-дәрілерді заңсыз тәркілеу әрекеттері де бар
Sputnik
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2026 жылдың қаңтарындағы іс-қимыл нәтижелері туралы хабарлады.
Жыл басынан бері шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамаларын бұзған 3 026 азамат, соның ішінде 2 594 шетел азаматы ұсталды.
Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 062 фактісінің алды алынған, соның ішінде:
25 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 мылтық, 66 дана суық қару, 3 дана жарық-дыбыс гранатасы, 78 дана оқ-дәрілер);
580 факті – 60 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;
376 факті – жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам халыққа арналған тұтыну тауарлары;
81 факті – жалпы сомасы 860 млн теңгеден астам шетел валютасы.
Белгілі болғандай, Каспий су айдынында браконьерлік іс-әрекеттердің 5 фактісінің жолы кесілді, заңсыз балық аулау құралдары тәркіленген.
Бұл фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Шекарада электрондық кезек жүйесі тағы қай жерде іске қосылады