Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пунктінің қабілеті 2,5 есеге артады

Пунктті жаңғырту жұмыстарын 2027 жылы аяқтау жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 30 қаңтар-Sputnik. Ресейдің Челябі облысында орналасқан және Қазақстанның Қостанай облысымен шекаралас "Бугристое" автомобиль өткізу пункті белсенді түрде жаңғыртылып жатыр.
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пунктінің қабілеті 2,5 есеге артады
"Росгранстрой" хабарлағандай, жұмыстар "тиімді көлік жүйесі" ұлттық жобасы аясында жүргізіліп жатыр. Тереңдетілген тексеру боксының, гараждың, ит питомнигінің және жаяу жүргіншілерді тексеру ғимаратының қоршау конструкцияларын монтаждау толығымен аяқталды.
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пунктінің қабілеті 2,5 есеге артады
Қазіргі уақытта өткізу пунктінде:
инженерлік желілердің құрылысы;
бақылау жолақтарының үстінен шатырлар салу;
әкімшілік-тұрмыстық ғимаратты қайта жаңарту;
ғимараттардың шатыры мен желдетілетін қасбеттерін монтаждау;
жобаланған ғимараттардың ішкі бөлімдерін қалау жұмыстары жүріп жатыр.
Жаңғыртуды 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында Бугристое пунктінің өткізу қабілеті тәулігіне 4 мың көлік құралын және 18 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл ағымдағы көрсеткіштерден тиісінше екі және 2,5 еседен асады, деп атап өтті "Росгранстрой" өкілдері.
Шекарадағы он автокөлік өткізу бекетінде жөндеу жұмыстары басталды