АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасын дайындады.
Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алтыншы отырысында қаралды.
Жаңа Конституция кіріспеден, 11 тараудан және 95 баптан тұрады.
Кіріспе жаңартылып, елдің өткені мен болашағына бағдарларды байланыстыра отырып, жалпыұлттық құндылықтарды көрсетеді.
Құжатта адами капитал, білім беру, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде көрсетілген.
Жобаны дайындау кезінде азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялар мен сарапшылардың 6 айда түскен ұсыныстары ескерілді.