Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украина мен Ресейге энергетика нысандарына жасалатын соққыларды тоқтатуды ұсынды

Sputnik
АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. АҚШ Абу-Дабиде Украина мен Ресейде энергетика нысандарына жасалатын соққыларды тоқтата тұруды ұсынды. Бұл туралы РИА новости хабарлады.
Американдық делегация өткен аптада Абу-Дабидегі келіссөздерде Украина мен Ресей келісімге қадам ретінде бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққы беруді тоқтату идеясын алға тартты, деп жазады Financial Times газеті келіссөздерге қатысқан дереккөздер мен Украинаның жоғары лауазымды тұлғасына сілтеме жасай отырып.

"Олар (дереккөздер - ред.) бұл АҚШ делегациясының идеясы деп мәлімдеді. Украина және Ресей бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққыларды тоқтата тұруға келісті... Шиеленісті реттеу бойынша келіссөздер аясында деэскалацияға қадам жасалды", - делінген басылымның хабарламасында.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге жеке өзі Киевке және Украинадағы бірқатар басқа қалаларға соққы бермеуді сұрағанын айтқан.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украина мәселесі бойынша бейбітшілікке қол жеткізілетініне сенім білдірді