АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам қайтыс болды.
Жәбірленуші ауруханада дәрігер болып жұмыс істеген.
""28 қаңтарда Жаңаөзен қаласында 29 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды. Кісі өлтірді деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде ер адамдар арасында болғандығы анықталды", - дейді полиция
Болған оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қаласының полиция басқармасына өз еркімен барып, жасаған әрекетін мойындаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.