Айбек Смадияров президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы болды

Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Смадияров президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Бұған дейін бұл қызметті Руслан Желдібай атқарған болатын.
Айбек Смадияров осыған дейін президент әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2018 жылдан бастап Смадияров СІМ баспасөз қызметінде жұмыс істеді, ведомствоның ресми өкілі болды.
2010 жылдары Қазақстанның Венгриядағы, Вьетнамдағы елшілігінде, СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау комитетінде жұмыс істеді, президент баспасөз қызметінің сарапшысы болды.
Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды