Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

© Photo : Пресс-служба МИДа КазахстанаАйбек Смадияров
Айбек Смадияров  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 4 наурыз– Sputnik. Айбек Смадияров Қазақстан сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ол сондай-ақ министрліктің ресми өкілі қызметін атқара береді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Айбек Смадияров туралы не білеміз?

Ол 1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы "Қазақстандағы Қытай банкі" АҚ әкімшілік департаментінің маманы ретінде бастаған.
2006 жылдан 2008 жылға дейін сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы ретінде қызмет атқарды. 2008-2010 жылдары Қазақстан сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің атташесі және үшінші хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
2010-2012 жылдар аралығында Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде үшінші хатшы қызметін атқарды. 2012 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан президентінің баспасөз қызметінде сарапшы, ал 2013-2014 жылдары сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы лауазымын атқарды. 2014 жылдан 2018 жылға дейін Вьетнамдағы Қазақстан Елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметінде жұмыс істеді.
2018-2019 жылдары Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметін басқарып, 2019-2023 жылдар аралығында Қазақстан сыртқы істер министрлігі халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.
Смадияров Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін 2023 жылғы маусымнан бастап СІМ коммуникациялар департаментінің директоры – Ресми өкілі болды.
Пресс-секретарь МИД Казахстана Айбек Смадияров - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2024
Қазақстан Украина жөніндегі бейбітшілік саммитіне қатысады – Смадияров
Жаңалықтар
0