АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕАЭО-ның климаттық күн тәртібі бойынша семинар өтті, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Семинарға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.
Іс-шарада ЕАЭО сауда серіктестерінің, әсіресе Қытай Халық Республикасының көміртегі шығарындыларын реттеу шараларын енгізуімен байланысты Одақ экспорттаушылары үшін негізгі тәуекелдер мен мүмкіндіктер талқыланды.
Сонымен қатар өнімдердің кең ауқымының көміртегі шығарындыларын есептеу жүйесі де талқыланды.
"Қазіргі уақытта ЕАЭО-да көміртегі шығарындыларын есептеу және тексерудің өзіндік жүйесі жоқ. Бұл біздің елдеріміздің экспортына, инвестициялық тартымдылығына және технологиялық дамуына қауіп төндіреді. Дегенмен мұндай жүйені құруға қажетті құралдар ЕАЭО-ның 2030 жылға дейінгі стратегиялық құжаттарына мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу арқылы енгізілген", - деді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
ЕЭК министрінің айтуынша, бұл стандарттарды әзірлеуге дайындық жақын арада басталады.