https://sputnik.kz/20260128/eek-onimderdin-komirtegi-shygaryndylaryn-esepteu-standartaryn-azirleuge-kirisedi-60747544.html
ЕЭК өнімдердің көміртегі шығарындыларын есептеу стандартарын әзірлеуге кіріседі
ЕЭК өнімдердің көміртегі шығарындыларын есептеу стандартарын әзірлеуге кіріседі
Sputnik Қазақстан
ЕАЭО аясында әзірше көміртегі шығарындыларын есептеу және тексерудің өзіндік жүйесі жоқ 28.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-28T20:12+0500
2026-01-28T20:12+0500
2026-01-28T20:12+0500
өндіріс
еаэо
жүйе
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/07/40664669_0:96:1024:672_1920x0_80_0_0_190390e3e5e6c90b7ba14d4064882028.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕАЭО-ның климаттық күн тәртібі бойынша семинар өтті, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.Семинарға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.Іс-шарада ЕАЭО сауда серіктестерінің, әсіресе Қытай Халық Республикасының көміртегі шығарындыларын реттеу шараларын енгізуімен байланысты Одақ экспорттаушылары үшін негізгі тәуекелдер мен мүмкіндіктер талқыланды.Сонымен қатар өнімдердің кең ауқымының көміртегі шығарындыларын есептеу жүйесі де талқыланды.ЕЭК министрінің айтуынша, бұл стандарттарды әзірлеуге дайындық жақын арада басталады.
https://sputnik.kz/20260126/qazaqstannyn-syrtqy-saudasynda-eaeo-elderinin-ulesi-qanday-60677473.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/07/40664669_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_81f7dedc151b73c144a946a1458bc294.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өндіріс, еаэо, жүйе
ЕЭК өнімдердің көміртегі шығарындыларын есептеу стандартарын әзірлеуге кіріседі
ЕАЭО аясында әзірше көміртегі шығарындыларын есептеу және тексерудің өзіндік жүйесі жоқ
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕАЭО-ның климаттық күн тәртібі бойынша семинар өтті, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Семинарға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.
Іс-шарада ЕАЭО сауда серіктестерінің, әсіресе Қытай Халық Республикасының көміртегі шығарындыларын реттеу шараларын енгізуімен байланысты Одақ экспорттаушылары үшін негізгі тәуекелдер мен мүмкіндіктер талқыланды.
Сонымен қатар өнімдердің кең ауқымының көміртегі шығарындыларын есептеу жүйесі де талқыланды.
"Қазіргі уақытта ЕАЭО-да көміртегі шығарындыларын есептеу және тексерудің өзіндік жүйесі жоқ. Бұл біздің елдеріміздің экспортына, инвестициялық тартымдылығына және технологиялық дамуына қауіп төндіреді. Дегенмен мұндай жүйені құруға қажетті құралдар ЕАЭО-ның 2030 жылға дейінгі стратегиялық құжаттарына мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу арқылы енгізілген", - деді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
ЕЭК министрінің айтуынша, бұл стандарттарды әзірлеуге дайындық жақын арада басталады.