Балқаш көлінде 100 келіден астам балықты заңсыз аулаған жамбылдық сотталды

Қылмыс жасау үшін ол қозғалтқышы бар моторлы қайықты және тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдаланған
Sputnik
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған ер адамға сот үкімі шығарылды.
Ер адам 2025 жылдың қазан айында рұқсат құжаттары мен балық шаруашылығын жүргізуге шарты жоқ болғанымен, Балқаш көлінде заңсыз балық аулауды жүзеге асырған.
"Қылмыс жасау үшін ол қозғалтқышы бар моторлы қайықты және тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдаланған. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 112 келіден астам балық ауланып, шығын 576 мың теңгеден асқан", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушының кінәсі тараптардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Сот оны кінәлі деп танып, ер адамды 3 жыл мерзімге балық аулау қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Сонымен қатар, сотталғаннан мемлекетке келтірілген залал сомасы өндірілді. Моторлы қайық, қозғалтқыш, торлар және заңсыз ауланған балық мемлекет кірісіне тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жер қойнауын заңсыз пайдаланған ер адамның экскаваторы тәркіленді