Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32%-ға артты

Туристер саны 12%-ға артып, 10 млн адамнан асқан
Sputnik
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды үкімет.
Үкімет отырысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс қорытындылары мен жоспарлары туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады.
Оның айтуынша, негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалып отыр, мәселен, орналастыруға арналған орындарда туристер саны 12%-ға артып, 10 млн адамнан асқан. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 66-дан 52-орынға көтеріліп, өз позициясын жақсартты. Алдағы уақытта Топ-50 елге кіру мақсаты қойылды.
"Капиталды тарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша салаға тартылған инвестициялар көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады", — деді министр.
Оның айтуынша жүзеге асыру сатысында тұрған Hilton, Mandarin Oriental кешендерінің, "Ой-Қарағай" курортының және Keruen Inn желісінің құрылысын қоса алғанда, сала бойынша 328 жоба бар. Бұл 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Биыл Алматы облысына барған туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен