https://sputnik.kz/20260127/qazaqstanda-turizmge-salyngan-investitsiya-kolemi-32-ga-artty-60701204.html
Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32%-ға артты
Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32%-ға артты
Sputnik Қазақстан
Туристер саны 12%-ға артып, 10 млн адамнан асқан 27.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-27T10:24+0500
2026-01-27T10:24+0500
2026-01-27T10:24+0500
туристер
туризм
инвестиция
қазақстан
https://sputnik.kz/img/345/98/3459826_0:52:1200:727_1920x0_80_0_0_33bece8049235fd596bd2442d07bca16.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды үкімет.Үкімет отырысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс қорытындылары мен жоспарлары туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады.Оның айтуынша, негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалып отыр, мәселен, орналастыруға арналған орындарда туристер саны 12%-ға артып, 10 млн адамнан асқан. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 66-дан 52-орынға көтеріліп, өз позициясын жақсартты. Алдағы уақытта Топ-50 елге кіру мақсаты қойылды.Оның айтуынша жүзеге асыру сатысында тұрған Hilton, Mandarin Oriental кешендерінің, "Ой-Қарағай" курортының және Keruen Inn желісінің құрылысын қоса алғанда, сала бойынша 328 жоба бар. Бұл 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20251201/biyl-almaty-oblysyna-bargan-turister-sany-22-million-adamga-zhetken-59270118.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/345/98/3459826_82:0:1119:778_1920x0_80_0_0_45bf24a3d4fa3a13dd171ed1a7b584cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туристер, туризм, инвестиция, қазақстан
туристер, туризм, инвестиция, қазақстан
Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32%-ға артты
Туристер саны 12%-ға артып, 10 млн адамнан асқан
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды үкімет.
Үкімет отырысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс қорытындылары мен жоспарлары туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады.
Оның айтуынша, негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалып отыр, мәселен, орналастыруға арналған орындарда туристер саны 12%-ға артып, 10 млн адамнан асқан. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 66-дан 52-орынға көтеріліп, өз позициясын жақсартты. Алдағы уақытта Топ-50 елге кіру мақсаты қойылды.
"Капиталды тарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша салаға тартылған инвестициялар көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады", — деді министр.
Оның айтуынша жүзеге асыру сатысында тұрған Hilton, Mandarin Oriental кешендерінің, "Ой-Қарағай" курортының және Keruen Inn желісінің құрылысын қоса алғанда, сала бойынша 328 жоба бар. Бұл 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.