Атырауда жүкті әйелді өлтірген адам апелляциялық сотқа жүгінді

Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылған
Sputnik
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Атырауда мұнай компаниясының 46 жастағы қызметкерін өлтірген ер адам апелляциялық сотқа жүгінді, деп хабарлайды облыстық сот
Қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушы алаяқтық, зорлау және жүкті әйелді басқа қылмыстарды жасыру мақсатында аса қатыгездікпен өлтірген. Сондай-ақ ұрлық жасағаны және автокөлікті заңсыз иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылған.
Жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық залал өндірілді.
Алайда сотталған адам Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына апелляциялық шағым түсірген.
Сот алқасымен сот үкімін өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіздер анықталмады. Осыған байланысты бірінші сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.
Әйелін ұрып өлтірген ер адам 14 жылға сотталды