Жасанды интеллектіні қаруға айналдырғандарды жауапқа тарту қажет – Тоқаев

Деструктивті ақпарат тарату арқылы қоғамды жікке бөліп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын адамдар бар
Sputnik
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті жасанды интеллектіні қаруға айналдырғандарды жауапқа тартуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша технологиялар қарқынды дамыған заманда деструктивті ақпарат тарату арқылы қоғамды жікке бөліп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын адамдар да бар.
"Мұның бәрі өшпенділікке бастайтын ешкімге қажетсіз, тіпті қауіпті пікірталасқа жалғасады. Жасанды интеллектіні осындай адамдар ақпараттық қаруға айналдырып, заңға қайшы келетін контенттерді көптеп тарата бастайды. Бұған жол беруге болмайды. Ондай әрекеттерге құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тарту қажет", - деді Тоқаев бас прокуратурада өткен жиында.
Президенттің айутынша, азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн.
"Бұл нағыз жымқыру": Тоқаев мемлекеттік органдарды сынға алды