Қазақстан мен Ресейді аптасына 126 әуе рейсі байланыстырады - Абаев

Рейстердің жиілігі мен географиясы саяхат бағыттарында көш бастап тұр
Sputnik
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Қазақстан мен Ресейді 26 бағыт бойынша аптасына 126 әуе рейсі байланыстырады, деп мәлімдеді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев The Eurasian журналына берген сұхбатында.
"Қазақстан мен Ресей арасындағы сапарлар өзара жеңілдетілген рәсіммен жүзеге асады. Ішкі жалпы азаматтық құжаттар бойынша және 30 күнге дейіін міндетті тіркеу талап етілмейді. Бұл өзара сенімнің көрсеткіші", - деді Абаев.
Рейстердің жиілігі мен географиясы елдердің бір-біріне танымал саяхат бағыттары бойынша көшбасшы болуына ықпал етеді, деді ол.
Сондай-ақ елші былтыр қазан айында Алматы мен Мәскеу арасындағы теміржол байланысы жаңартылғанын еске салды.
Қазақстан Ханты-Манси автономиялық округімен тәжірибе алмасуға мүдделі – Абаев