Қарағандыда аялдамада тұрған әйелді көлік қағып кетті

Апат салдарынан 52 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді
Sputnik
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Қарағандыда жол апатын болдырмауға тырысқан жүргізуші аялдамада тұрған әйелді қағып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 26 қаңтар сағат 08:20 шамасында Тәттімбет көшесінде болған.
"42 жастағы "ВАЗ-2111" автокөлігінің жүргізушісі негізгі жолда келе жатқан "KIA Sportage" автокөлігімен соқтығысып қалмау үшін рөлді бұрған кезде "Mercedes" көлігімен соқтығысқан. Ал жол апатын болдырмауға тырысқан KIA Sportage" жүргізушісі аялдама павильоны мен сонда тұрған әйелді қаққан", - дейді полиция.
Апат салдарынан 52 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.
Аялдамада отырған қызға көлік дөңгелегі тиді – Астанада болған оқиғаның видеосы тарады