Қарағандыда аялдамада тұрған әйелді көлік қағып кетті

Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2026
Жазылу
Апат салдарынан 52 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Қарағандыда жол апатын болдырмауға тырысқан жүргізуші аялдамада тұрған әйелді қағып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 26 қаңтар сағат 08:20 шамасында Тәттімбет көшесінде болған.
"42 жастағы "ВАЗ-2111" автокөлігінің жүргізушісі негізгі жолда келе жатқан "KIA Sportage" автокөлігімен соқтығысып қалмау үшін рөлді бұрған кезде "Mercedes" көлігімен соқтығысқан. Ал жол апатын болдырмауға тырысқан KIA Sportage" жүргізушісі аялдама павильоны мен сонда тұрған әйелді қаққан", - дейді полиция.
Апат салдарынан 52 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.
Автомобильная шина, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Аялдамада отырған қызға көлік дөңгелегі тиді – Астанада болған оқиғаның видеосы тарады
Жаңалықтар
0