Дәрігер D дәрумені тапшылығының белгілерін атады

Sputnik
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Сүйектің жиі сынуы, шаршау, күйзеліс, іштің қатуы және шамадан тыс тершеңдік ағзада D дәрумені тапшы екенін білдіруі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
РФ Оқу-ғарту мемлекеттік университеті медицина факультетінің доценті Ирина Волгина Gazeta.ru-ға берген сұхбатында ересектер ағзадағы D дәруменінің мөлшерін бақылауда ұстау қажеттігін, өйткені ол көп жағдайда жетіспейтінін атап өтті.
D дәрумені кальцийдің сіңуінде маңызды рөл атқарады, бұл сүйекті нығайту үшін қажет, сондай-ақ иммундық, жүрек-қантамыр және жүйке жүйелерінің жұмысына көмектеседі.
Тапшылықтың белгілері айқын болмауы мүмкін. Оны сүйек және бұлшықеттердегі ауырсыну, сүйектің жиі сынуы (остеопороз), жалпы әлсіздік, шаршау, тез шаршағыштық, тепе-теңдіктің бұзылуы, жиі суық тию, іш қату, шамадан тыс тершеңдіктен білуге болады. Сондай-ақ тырнақтың сынғыштығы, терінің құрғауы және шаштың түсуі сияқты белгілері де болуы мүмкін.
"Айта кету керек, коронавирус жұқтырған пациенттерді емдеуде D дәруменінің рөлі жоғары екенін дәлелдеген зерттеулер бар. D дәруменінің деңгейін анықтау үшін қандағы 25(OH)D деңгейіне анализ тапсыру қажет. Сонымен қатар дәрігер кальций, фосфор және осы дәрумен алмасуына қатысты басқа да көрсеткіштерге қосымша талдау тағайындауы мүмкін. D дәруменінің қажетті дозасы талдау нәтижесі мен пациенттің шағымы негізінде анықталады", – деді ол.
Денсаулық
Дәрумен ішу қандай жағдайда қауіпті - фармаколог кеңесі