Батыс Қазақстанда өртенген үйден үш адамның мәйіті табылды

Өрт сөндірушілер келгенде тілсіз жау бүкіл үйге тарап кеткен
Sputnik
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында өртенген үйдің ішінен үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 25 қаңтарда кешкі уақытта Ақсай қаласындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққанын туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндірушілер шұғыл оқиға орнына барды. Олар келгенде тілсіз жау бүкіл үйге тарап кеткен.

"Өртті сөндіру барысында үйдің ішінен үш адамның денесі табылып, шығарылды. Өрт 90 шаршы метр аумақта толығымен жойылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - дейді құтқарушылар.

Айта кетері, кеше Семей тұрғыны полицияның екі көлігін өртеп жіберді.
Солтүстік Қазақстанда өрттен ер адам мен бала көз жұмды