Батыс Қазақстанда өртенген үйден үш адамның мәйіті табылды

© Photo : Предоставлено МЧС КаазахстанаӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2026
Жазылу
Өрт сөндірушілер келгенде тілсіз жау бүкіл үйге тарап кеткен
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында өртенген үйдің ішінен үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 25 қаңтарда кешкі уақытта Ақсай қаласындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққанын туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндірушілер шұғыл оқиға орнына барды. Олар келгенде тілсіз жау бүкіл үйге тарап кеткен.

"Өртті сөндіру барысында үйдің ішінен үш адамның денесі табылып, шығарылды. Өрт 90 шаршы метр аумақта толығымен жойылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - дейді құтқарушылар.

Айта кетері, кеше Семей тұрғыны полицияның екі көлігін өртеп жіберді.
Пожар в частном строении - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2026
Солтүстік Қазақстанда өрттен ер адам мен бала көз жұмды
Жаңалықтар
0