АСТАНА, 25 қаңтар-Sputnik. Жетісу облысында жол көлік оқиғасы болып, 5 адам қаза тапты.
Оқиға 24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Ақсу ауданында "Көшкентал – Қапал" автожолының 4-шақырымында болған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылуда", - дейді полиция.
Тергеп-тексеру барысын Жетісу облыстық департамент басшылығы өз бақылауына алды.