Жетісу облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

© Sputnik/Бахытгуль ЖилкибаеваЖетісу облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Жетісу облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2026
Жазылу
Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 25 қаңтар-Sputnik. Жетісу облысында жол көлік оқиғасы болып, 5 адам қаза тапты.
Оқиға 24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Ақсу ауданында "Көшкентал – Қапал" автожолының 4-шақырымында болған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылуда", - дейді полиция.
Тергеп-тексеру барысын Жетісу облыстық департамент басшылығы өз бақылауына алды.
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Түркістан облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Жаңалықтар
0