АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Орал қаласындағы шұжық цехында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Мой Город порталына сілтеме жасап.
40 жастағы жұмысшы станокта қысылып қалды. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы қайғылы оқиғаның болғанын растады. Қазіргі кезде тексеріс басталды.
Ал полицейлер адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.
Айта кетері, бір ай бұрын Петропавлда интернет кабелін тартпақ болған екі жұмысшы биіктіктен құлап кетті. Біреуі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі ауруханаға жеткізілген болатын.