https://sputnik.kz/20251205/petropavlda-eki-zhumysshy-biiktikten-qulap-ketti-59382237.html
Петропавлда екі жұмысшы биіктіктен құлап кетті
Петропавлда екі жұмысшы биіктіктен құлап кетті
Sputnik Қазақстан
Біреуі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі ауруханаға жеткізілді 05.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-05T16:20+0500
2025-12-05T16:20+0500
2025-12-05T16:23+0500
петропавл
интернет
жұмысшы
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37763381_0:0:3148:1771_1920x0_80_0_0_ef7710326c2c7c378fe43cf841c79f53.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Петропавлдағы интернет кабелін тартпақ болған екі жұмысшы биіктіктен құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Көпқабатты үйге интернет кабель тартпақ болғанда арқан үзіліп кетіп, екі жұмысшы құлап кетті. Біреуі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі ауруханаға жеткізілді. Жазатайым оқиға 5 желтоқсан күні таңертең болды.Қайтыс болған адам 35 жаста, ол жеке компанияда инженер болып жұмыс істеген, екіншісі – "Қазақтелеком" компаниясының 31 жастағы қызметкері.Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханадағы жұмысшының кеуде тұсы, қолы мен қабағы жараланған.Облыстық еңбек инспекциясы Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның бақылауда екенін айтты.Полиция қылмыстық іс қозғады."Осы факті бойынша полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментіндегілер.
https://sputnik.kz/20251204/aqtauda-qurylysshy-6-qabattan-qulap-qaytys-boldy-59350085.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37763381_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_6f03d4917b3492a242b02569e98bdedd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, интернет, жұмысшы
петропавл, интернет, жұмысшы
Петропавлда екі жұмысшы биіктіктен құлап кетті
16:20 05.12.2025 (жаңартылды: 16:23 05.12.2025) Біреуі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Петропавлдағы интернет кабелін тартпақ болған екі жұмысшы биіктіктен құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көпқабатты үйге интернет кабель тартпақ болғанда арқан үзіліп кетіп, екі жұмысшы құлап кетті. Біреуі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі ауруханаға жеткізілді. Жазатайым оқиға 5 желтоқсан күні таңертең болды.
Қайтыс болған адам 35 жаста, ол жеке компанияда инженер болып жұмыс істеген, екіншісі – "Қазақтелеком" компаниясының 31 жастағы қызметкері.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханадағы жұмысшының кеуде тұсы, қолы мен қабағы жараланған.
Облыстық еңбек инспекциясы Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның бақылауда екенін айтты.
"Қазіргі уақытта осы жазатайым оқиғаны арнайы тергеу жөніндегі комиссияны құру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді ведомстводағылар.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Осы факті бойынша полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментіндегілер.