Рудныйда ер адам кәмелетке толмаған балалардың қолынан ажал құшты

Порлиция күдіктілерді іздеп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысының Рудный қаласында ер адамды кәмелетке толмаған балалар өлтіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша күдіктілердің жас шамасы 16-17-лерде. Полиция іздеу жариялады.
"Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің кім екені анықталды. Қазақстан бойынша полицияның жеке құрамы бағдарланған, оларды ұстау шаралары қабылданып жатыр", - деді Қостанай облыстық полиция департаменті.
Полиция тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейтінін ескертті.
Шымкентте 21 жастағы қызды танысы өлтіріп кетті