Шымкентте 21 жастағы қызды танысы өлтіріп кетті

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2026
Жазылу
Күдікті жәбірленушімен таныс болған
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмған, деп хабарлайды қалалық полиция.
Аталған жайт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

"Күдіктінің кім екені анықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол жәбірленушімен бұрын таныс болған", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта оны ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған барлық қажетті жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат с Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Полиция азаматтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
Жаңалықтар
0