Милан-2026: Олимпиадада фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды

Спортшылар фристайл-акробатикадан Әлем кубогінің алтыншы кезеңінен кейін анықталып отыр
Sputnik
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі фристайл-акробатикадан Милан-2026 Олимпиадасында ел намысын кімдер қорғайтынын хабарлады.
"Фристайл-акробатикадан Әлем кубогінің алтыншы кезеңінен кейін, алдағы Олимпиадада Қазақстан атынан өнер көрсететін ұлттық құрама спортшылары анықталды. Тізімге Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан және Аяна Жолдас енді", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда Қазақстан төмендегі спорт түрлерінен лицензияларға ие:
Биатлон – Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева, Айша Рақышева
Конькимен жүгіру – Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко
Шорт-трек – Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан
Мәнерлеп сырғанау – Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина
Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады. XXV қысқы Олимпиада ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.
Қысқы Олимпиада отандық екі арнадан көрсетіледі