Милан-2026: Олимпиадада фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды

Қазақстан фристайлшылары - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2026
Жазылу
Спортшылар фристайл-акробатикадан Әлем кубогінің алтыншы кезеңінен кейін анықталып отыр
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі фристайл-акробатикадан Милан-2026 Олимпиадасында ел намысын кімдер қорғайтынын хабарлады.
"Фристайл-акробатикадан Әлем кубогінің алтыншы кезеңінен кейін, алдағы Олимпиадада Қазақстан атынан өнер көрсететін ұлттық құрама спортшылары анықталды. Тізімге Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан және Аяна Жолдас енді", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда Қазақстан төмендегі спорт түрлерінен лицензияларға ие:
Биатлон – Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева, Айша Рақышева
Конькимен жүгіру – Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко
Шорт-трек – Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан
Мәнерлеп сырғанау – Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина
Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады. XXV қысқы Олимпиада ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.
Қысқы Олимпиада қай арналардан көрсетіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2026
Қысқы Олимпиада отандық екі арнадан көрсетіледі
Жаңалықтар
0