АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова брифинг барысында Ленинград қоршауындағы ең маңызды оқиғаларды еске алды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Қаланы батыл қорғау (Ленинград – ред.) кеңес халқы ерлігінің символына айналды. Ерлік пен жанқиярлықтың арқасында жаужүрек сарбаздар мен Ленинград тұрғындары қаланы қорғап қалды", – деді Захарова.
Захарованың айтуынша кеңес халқының ерлігі адам ең ауыр жағдайда да адам болып қала алатынын дәлелдеді.
"Бұл олардың ең үлкен ерлігі болуы мүмкін және бұл ерлік – біздің барлығымыз үшін, бүкіл әлем үшін жасалған ерлік", – деді ресми өкіл.
Сонымен қатар, Захарова бұл тарихты келешек ұрпаққа тек архивтік құжаттар ретінде емес, жанды естелік ретінде жеткізу керектігін атап өтті.