https://sputnik.kz/20251225/sogysta-qaza-tapqan-sarbazdardyn-suyegi-qazaqstanga-zhetkizildi-59940536.html
Соғыста қаза тапқан сарбаздардың сүйегі Қазақстанға жеткізілді
Соғыста қаза тапқан сарбаздардың сүйегі Қазақстанға жеткізілді
Sputnik Қазақстан
Қайта жерлеу рәсімі әскери құрметпен өтеді 25.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-25T22:12+0500
2025-12-25T22:12+0500
2025-12-25T22:12+0500
соғыс ардагері
ұлы отан соғысы
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/19/59936892_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_496c0d11f8ec2037a29588c1641c177d.jpg
АЛМАТЫ, 25 желтоқсан – Sputnik. Астанада Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан Байбол Рахметов пен Мұсақан Қалмұрзаевтың сүйегін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Рәсім Қазақстан қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті.Орталық әскери оркестр мен құрметті қарауыл ротасы Қызыл Армия әскерлерінің сүйегін құрметпен қарсы алды."Мемориалдық аймақ" іздеу жасағының атынан Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Майдан Құсайынов қаза тапқан жауынгерлердің өкілдеріне "Ерлігі мен борышына адалдығы үшін" медалін табыс етті.Байбол Рахметов 1917 жылы Қызылорда қаласында туған, 1101-атқыштар дивизиясының 356-атқыштар полкінің зеңбірекшісі қызметін атқарды, "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталды. Оның сүйегін "Обелиск" іздеу жасағы тапты.Мұсақан Қалмұрзаев 1921 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Оның сүйегін Псков облысының Түрік-Перевер ауылы маңынан "Псковский рубеж" іздеу бірлестігінің мүшелері тапты.Жауынгерлердің сүйектерін қайта жерлеу әскери құрметпен өтеді: Байбол Рахметов Қызылорда облысында, Мұсақан Қалмұрзаев Түркістан облысында желенеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/19/59936892_73:0:1208:851_1920x0_80_0_0_b98e1666fc05b2cbcbd0a340e3c81259.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
соғыс ардагері, ұлы отан соғысы
соғыс ардагері, ұлы отан соғысы
Соғыста қаза тапқан сарбаздардың сүйегі Қазақстанға жеткізілді
Қайта жерлеу рәсімі әскери құрметпен өтеді
АЛМАТЫ, 25 желтоқсан – Sputnik. Астанада Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан Байбол Рахметов пен Мұсақан Қалмұрзаевтың сүйегін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қаза тапқан жауынгерлердің туған жеріне оралуына Ресей Федерациясының Псков облысында далалық зерттеулер жүргізген іздеу жасақтары мұрындық болды", - делінген хабарламада.
Рәсім Қазақстан қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті.
Орталық әскери оркестр мен құрметті қарауыл ротасы Қызыл Армия әскерлерінің сүйегін құрметпен қарсы алды.
"Мемориалдық аймақ" іздеу жасағының атынан Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Майдан Құсайынов қаза тапқан жауынгерлердің өкілдеріне "Ерлігі мен борышына адалдығы үшін" медалін табыс етті.
Байбол Рахметов 1917 жылы Қызылорда қаласында туған, 1101-атқыштар дивизиясының 356-атқыштар полкінің зеңбірекшісі қызметін атқарды, "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталды. Оның сүйегін "Обелиск" іздеу жасағы тапты.
Мұсақан Қалмұрзаев 1921 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Оның сүйегін Псков облысының Түрік-Перевер ауылы маңынан "Псковский рубеж" іздеу бірлестігінің мүшелері тапты.
Жауынгерлердің сүйектерін қайта жерлеу әскери құрметпен өтеді: Байбол Рахметов Қызылорда облысында, Мұсақан Қалмұрзаев Түркістан облысында желенеді.