Өрт кезінде қайтыс болған қыздың анасы қамауға алынды

Ол бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
Sputnik
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында өрт кезінде қайтыс болған бес жасар қыздың анасы қамауға алынды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
18 қаңтарда Ольшанка ауылында жеке меншік үй отқа оранды. Өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен өртеніп, шатыр опырылып түскен. Сол кезде үйінділердің арасынан бес жасар қыздың денесі табылған болатын.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, анасы өртте қайтыс болған баласын үйде жалғыз қалдырып кеткен. Сол үшін қылмыстық жазаға тартылып отыр.
"Біз баланы қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін қылмыстық іс қозғадық. Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны қамауға алынды. Бұл жерде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – дейді Әділов.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 119-бабы (баланы қауiптi жағдайда қалдыру, абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған әрекет) бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты