https://sputnik.kz/20260122/ort-kezinde-qaytys-bolgan-qyzdyn-anasy-qamauga-alyndy-60594502.html
Өрт кезінде қайтыс болған қыздың анасы қамауға алынды
Өрт кезінде қайтыс болған қыздың анасы қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Ол бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған 22.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-22T12:09+0500
2026-01-22T12:09+0500
2026-01-22T12:13+0500
солтүстік қазақстан облысы
ішкі істер министрлігі
өрт сөндірушілер
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44435979_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_82b1a93c014ef07c336061cc53bffba7.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында өрт кезінде қайтыс болған бес жасар қыздың анасы қамауға алынды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.18 қаңтарда Ольшанка ауылында жеке меншік үй отқа оранды. Өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен өртеніп, шатыр опырылып түскен. Сол кезде үйінділердің арасынан бес жасар қыздың денесі табылған болатын.Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, анасы өртте қайтыс болған баласын үйде жалғыз қалдырып кеткен. Сол үшін қылмыстық жазаға тартылып отыр.Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 119-бабы (баланы қауiптi жағдайда қалдыру, абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған әрекет) бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20260107/qaragandyda-turgyn-uyden-ort-shygyp-bir-adam-qaza-tapty--60215116.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44435979_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_2f09a3cf649c4b90b647a1fad65fe693.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, ішкі істер министрлігі, өрт сөндірушілер
солтүстік қазақстан облысы, ішкі істер министрлігі, өрт сөндірушілер
Өрт кезінде қайтыс болған қыздың анасы қамауға алынды
12:09 22.01.2026 (жаңартылды: 12:13 22.01.2026) Ол бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында өрт кезінде қайтыс болған бес жасар қыздың анасы қамауға алынды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді , деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
18 қаңтарда Ольшанка ауылында жеке меншік үй отқа оранды. Өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен өртеніп, шатыр опырылып түскен. Сол кезде үйінділердің арасынан
бес жасар қыздың денесі табылған болатын.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, анасы өртте қайтыс болған баласын үйде жалғыз қалдырып кеткен. Сол үшін қылмыстық жазаға тартылып отыр.
"Біз баланы қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін қылмыстық іс қозғадық. Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны қамауға алынды. Бұл жерде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – дейді Әділов.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 119-бабы (баланы қауiптi жағдайда қалдыру, абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған әрекет) бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.