Арал теңізінің табанына 53 млн астам сексеуіл көшеті отырғызылды

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына көшет отырғызу жұмыстарына бақылау жүргізу тапсырылды
Sputnik
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Арал теңізінің құрғаған табанындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша кеңес өтті, деп хабарлады эколоия және табиғи ресурстар министрлігі.
Кеңес барысында 2021 жылдан бастап Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізілген жұмыстар пысықталды.
"Өңірдегі экологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жүйелі түрде орман мелиорациясы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыс кезеңінде 1,0 млн гектар аумақ қамтылды: 3 223,4 тонна сексеуіл және галофит бұталарының тұқымдары, сондай-ақ 53,2 млн сексеуіл көшеттері отырғызылды", - деп жазылған хабарламада.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ғалымдарға Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ғылыми сүйемелдеу жасауды, сондай-ақ, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына көшет отырғызу жұмыстарына бақылау жүргізу тапсырылды.
Бұдан бөлек комитетке Арал теңізінің құрғаған табанында атқарылатын жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету жүктелді.
Құрғаған Арал теңізінде орналасқан тұқымбақта 1,5 млн дана көшет өсіріледі